Д

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Қазақ әліпбиі (кирил)

Д, д — кириллицаға негізделген әліпби әрпі.

Тілдің ұшы жоғарғы күрек тістердің түбіне тиіп, кері қайтуы әрі дауыс шымылдығының қатысуы арқылы жасалатын дауыссыз дыбысты таңбалайтын әріп.

Қазақ тілінде Д фонемасы жуан я жіңішке дауысты дыбыспен тіркесуіне қарай жуан (мысалы, адам, дана) және жіңішке (мысалы, дене, дән) болып айтылады. Д қазақтың байырғы сөздерінің аяғында жазылмайды, тек орыс тілі арқылы келген сөздердің соңында (мысалы, анод, катод) кездеседі. Кейде ауызекі тілде кейбір жеке сөздердің басында Д дыбысы Т-мен алмасын (деңіз-теңіз) айтылады<ref> Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 3 том</ref><ref>Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ., Қазіргі қазақ тілі. Лексика. Фонетика, А., 1962</ref><ref>Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ., Қазіргі қазақ тілі. Лексика. Фонетика, А., 1962</ref>.

Кодтар кестесі

Код Регистр Ондық
код
16-лық
код
8-дік
код
Екілік код
Юникод Бас 1044 0414 002024 00000100 00010100
Кіші 1076 0434 002064 00000100 00110100
ISO 8859-5 Бас 180 B4 264 10110100
Кіші 212 D4 324 11010100
КОИ-8 Бас 228 E4 344 11100100
Кіші 196 C4 304 11000100
Windows-1251 Бас 196 C4 304 11000100
Кіші 228 E4 344 11100100

HTML жүйесінде бас әріп «Д»-ны &#1044 немесе &#x414, ал кіші «д» әріпін - &#1076 немесе &#x434 деп белгілейді.

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Commons