Гүлшат Тельманқызы Әйтиева

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Гүлшат Тельманқызы Әйтиева - 1958 жылы 19 шілдеде Алматы қаласында туған. Қазақ. Әкесі - Әйтиев Тельман Абдрахманулы, марқум, В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ тарих кафедрасының доценті болған. Анасы - Әйтиева Раушан Бақытқызы, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің кітапхана меңгерушісі. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университөтінің физика факультетін (1980) физик, физика пәнінің оқытушысы мамандығы бойынша; А. Иоффе атындағы Физика-төхника институтының аспирантурасын (1986) бітірген. Физика-математика ғылымдарының кандидаты (1988). Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Капиллярлық гетероэпитаксия әдісімен GaAs және GaAIAs аса жуқа қабаттарын құру». 10 ғылыми мақаланың авторы. 2 авторлық куәлігі бар. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін біледі. 1980 жылдан - С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің машықтанушы-зерттеушісі. 1982-1986 жылдары - А. Иоффө атындағы Физика-техника институтының аспиранты (Ленинград қ.). 1987 жылдан - В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ ғылыми қызметкері, 1988 жылдан - физика кафедрасының оқытушысы, доценті. 1990 жылдан- «Каз-Олив» ШК бухгалтері. 1991 жылдан бері - «Дәстүр» ЖШС жиһаз фабрикасының бас директоры. Қызмет атқару барысында Қазақстанның көптеген қалаларындағы мемлекеттік және жеке нысандар салынып, безендірілді, атап айтқанда: Абай атындағы МАОБТ, ҚР Әділет министрлігі. ҚР Президенттігінө үміткер Н.Ә. Назарбаевтың бастамашы тобының мүшесі (1998); үкіметаралық Қазақстан-румын комиссиясының мүшесі. КСРО өнертапқышы (1987). Діни көзқарасы - атеист. Саяси қайраткөр ретіндегі идеалы - Дж. Неру. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Өркениетті елдер қатарындағы лайықты орында». Хоббиі - фортепьянода ойнау. Сүйіп оқитын әдебиеті - классикалық әдебиет. Тұрмыс құрған. Жұбайы - Батырбаев Эдуард Мәукенұлы, «Инновация XXI» ЖІІІС Директорлар кеңесінің төрағасы. Қызы - Жиенбаева Мәдина (1982 ж. т.); ұлы - Батырбаев Асан (2003 ж. т.). Немересі бар.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub