Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер

Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова (15 мамыр 1965, Сұлу-Төбе ауылы, Сырдария ауданы, Қызылорда облысы<ref>Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықованың өмірбаяны. www.parlam.kz</ref>) — мемлекет және қоғам қайраткері, Қызылорда облысының бұрынғы әкімі (2020—2022), облыс басқарған тұңғыш әйел әкім.<ref>Гүлшара Әбдіқалықова – Қазақстандағы облыс басқарған тұңғыш әйел әкім. kyzylorda-news.kz</ref> 15-тен астам ғылыми мақалалар мен жарияланымдардың авторы.

Өмірбаяны

  • 1987 жылы Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын бітірген, экономист-сарапшы, Экономика ғылымдарының кандидаты.
  • Еңбек жолын 1987 жылы Қызылорда облыстық әлеуметтік қамсыздандыру басқармасының бас инспекторы қызметінен бастаған.
  • 1995-2003 жылдары Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде жауапты қызметтер атқарған.
  • 2003 - 2005 жж. - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.
  • 2005 - 2006 жж. - "Өмірді сақтандыру компаниясы" АҚ Басқарма төрағасы.
  • 2006 - 2007 жж. - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.
  • 2007 - 2008 жж. - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жауапты хатшысы.
  • 2008 - 2009 жж. – Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі.
  • 2009 - 2012 жж. - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.
  • 2012 - 2013 жж. – Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі.
  • 2013 - 2014 жж. - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары.
  • 2014 - 2019 жж. - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы.
  • 2019 жылдың ақпанынан 2019 жылдың тамызына дейін – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары.
  • 2019 жылдың тамызынан бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.
  • 2019 жылы 4 қыркүйектен бастап Қазақстан Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі палатасы комитетінің төрайымы болып сайланды<ref>Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова. www.parlam.kz</ref>.
  • 2008-2020 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы болды.
  • Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 2020 жылдың 28 наурызынан бастап Қызылорда облысы әкімі лауазымына тағайындалды<ref>Қызылорда облысының әкімдігі. www.gov.kz</ref>. 2022 жылғы 7 сәуірде лауазымынан босатылды.

Наградалар

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер Үлгі:Асқар Маминнің министрлер кабинеті Үлгі:Кәрім Мәсімовтің II министрлер кабинеті Үлгі:Серік Ахметовтің министрлер кабинеті Үлгі:Кәрім Мәсімовтің I министрлер кабинеті