Гүлфида Шайхиқызы Гафурова
Гүлфида Шайхиқызы Гафурова 1966 жылы 5 шілдеде Целиноград қаласында туған. Татар. Әкесі - Гафуров Шайхи. Анасы - Гафурова София. А.В. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесін (1984); Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының хореография факультетін (2003) бітірген, педагог-хореограф. 1984 жылдан - ҚазКСР Классикалық би ансамбліндө жеке балет орындаушысы. 2008 жылдан - жеке орындаушы және үйретуші педагог; 2009 жылдан бері - ҚР Мемлекеттік академиялық би театрының бас балетмейстері. «Кармен-сюита», «Севильядағы мереке», «Қылмыс пен жаза», «Электра», «Шопениана», «Болеро» және т.б. спек- такльдер мен концерттік нөмірлерде өнер көрсетеді. Мәдениет қайраткері (2000). Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері (2003). Діни көзқарасы - барлық діндерге құрметпен қарайды. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев, В.В. Путин. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Жоғары мәдениетке және тұрақты экономикаға ие бейбіт ел». Хоббиі - жүзу, табиғат аясында демалу. Сүйіп оқитын әдебиеті - М. Булгаков, С. Довлатов, шытырман оқиғалар, фантастика. Тұрмыс құрған. Жұбайы - Жалметов Баходир Исмаилұлы. Қыздары - Жалметова Ясмина (1992 жылы туған), Жалметова Карима (1996 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>
Дереккөздер
<references/>