Гүлтәжілер тұқымдасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Гүлтәжілер тұқымдасы (Аmaranthaceae) – қосжарнақты, бір немесе көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Екі жарты шардың тропиктік және субтропиктік аймақтарында кездесетін 65 туысы, 900-ден астам түрі белгілі. Бұлардың сабақтары жалаң, кейбір түрінде сыртын түк жапқан. Жапырақтары тұтас, бөбешік жапырақшалары болмайды, сабаққа қарама-қарсы немесе кезектесіп орналасады. Гүлдері ұсақ, дара не қос жынысты, цимозды гүлшоғырына (гүлі өсімдік ұшынан төмен қарай ашылатын гүлшоғыры) топталған. Маусымқыркүйек айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – қорапша. Гүлтәжілер тұқымдасына жататын өсімдіктерді сәндік үшін өсіреді, араларында арамшөптер кездеседі. Кейбір түрінің жапырақтарын тағам ретінде пайдаланады.

<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Гүлтәжілер тұқымдасы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}