Гүлнәр Қожағұлқызы Ысқақова
Үлгі:Ғалым Гүлнәр Қожағұлқызы Ысқақова — саяси ғылымының докторы, профессор (2007), Халықаралық білім беру ғылымдары академиясының академигі (2009).
Мазмұны
Өмірбаяны, еңбек жолы
1961 жылы 5 қыркүйекте Семей қаласында туған.
Семей мемлекеттік педагогикалық институтын (1983, қазіргі Шәкәрім университеті), ҚазПИ-дің (1987, қазіргі Қазақ ұлттық педагогикалық университеті) аспирантурасын және докторантурасын (2003) бітірген.
1983-85 жылдары Семей мемлекеттік педагогикалық институтында тәлімгер-зерттеуші, 1991-97 жылдары Семей мемлекеттік университетінде оқытушы, аға оқытушы, доцент, 1997-99, 2004-06 жылдары Семей мемлекеттік университетінде кафедра меңгерушісі, 2006-09 жылдары тарих факультетінің деканы, 2009-11 жылдары кафедра профессоры, оқу-әдістемелік істер жөніндегі проректоры қызметтерін атқарған.
Қазіргі уақытта Астана Халықаралық Университетінің Өнер және гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінде профессор.
Ғылыми бағыты, еңбектері
"Посткоммунистік трансформация жағдайындағы адам құқықтары мен бостандықтары саласындағы саясат (Қазақстан Республикасының мысалы бойынша)" деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыты – халықаралық және аймақтық қауіпсіздік, саяси институттар мен саяси үдерістер, адам құқығы, мемлекеттік және қоғамдық саясат.
200-ден астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 3 монографияның, 12 оқу құралының авторы.
Марапаттары
- "Құрмет грамотасы" (2005);
- "Қазақстан Республикасы Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін медалі" (2007);
- "Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері" (2009);<ref>Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.2-том. – 616 бет. ISBN 978-601-7472-16-0.</ref>