Гүлнәр Тоқбергенқызы Ситпаева
Үлгі:Ғалым Гүлнәр Тоқбергенқызы Ситпаева — биология ғылымының докторы (2010), Қазақстан Республикасы Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі (2013).
Мазмұны
Өмірбаяны, еңбек жолы
1966 жылы 19 қыркүйекте Қостанай облысы, Фёдоров ауданында туған.
Қостанай педагогикалық институтын (1989, қазіргі Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты), Ботаника және фитоинтродукция институтының аспирантурасын (1998) бітірген.
1989-92 жылдары Қостанай қаласындағы №20 орта мектебінде мұғалім, 1992-96 жылдары педагогикалық институтта оқытушы, 1998-2010 жылдары Ботаника және фитоинтродукция институтында ғылыми қызметкер, ғылыми хатшы, директордың міндетін атқарушы, бас директор қызметтерін атқарған. 2012 жылдан Қазақстан ботаникалық бақтары кеңесінің төрайымы.
Ғылыми бағыты, еңбектері
Негізгі ғылыми бағыты — Қазақстан далалық аймақтарының флорасы мен өсімдік ресурстары, Қазақстан ботаникалық бақтары генефондын интродукция арқылы байыту, коллекциялар жинау, биоәртүрлілікті сақтау үшін бірегей генетикалық банктер құру.
"Злаки Заволжско-Казахстанской степной провинции (систематический состав, экология, география)" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған.
100-ден астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 2 монографияның авторы.<ref>Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.2-том. – 616 бет. ISBN 978-601-7472-16-0.</ref>
Марапттары
- "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл медалі" (2011);
- Университеттің дамуына қосқан үлесі үшін "Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне 80 жыл" мерекелік медалі (2014);
- Қазақстан Республикасының "Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін медалі" (2016);
- Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл медалі (2016);
- "Алғыс" медалі – Қазақстан Республикасындағы Орыс Православие Шіркеуінің Митрополиттік округінің басшысы (2016);
- "Ғылым" номинациясы бойынша "Еуразиялық сыйлық (арнайы жетістіктер)" алтын лауреаты (2017);
- Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының "Еңбек сіңірген ғылым және білім қайраткері 90" мерейтойлық медалі (2019);
- Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының "Еңбек сіңірген ғылым және білім қайраткері" құрметті атағы (2021);
- Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының "Ұлы Петр" ордені, ынтымақтастыққа қосқан үлесі үшін (2021).<ref>Ситпаева Гульнара Тоқбергенқызы.</ref>