Гүлнәр Бейсенғазықызы Ахмеджанова

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Ғалым Гүлнәр Бейсенғазықызы Ахмеджанова — заң ғылымының докторы (2010), профессор (2011).

Өмірбаяны, еңбек жолы

1971 жылы 12 мамырда Павлодар облысы, Павлодар қаласында туған.

ҚазМУ-ды (1993, қазіргі Қазақ ұлттық университеті) жəне Қазақ құқықтану жəне халықаралық қатынастар институтын (2007) бітірген.
Қазақ ұлттық университетінде аға оқытушы (1993-98), Павлодар университетінде кафедра меңгерушісі (1998-2001, қазіргі Еуразия инновациялық университеті), 2001 жылдан Павлодар мемлекеттік университетінде (қазіргі Торайғыров университеті) кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарады.

Ғылыми бағыты, еңбектері

"Қазақ əдет-ғұрып құқығындағы ант беру институты" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған.
50–ден астам ғылыми мақала, 5 оқу құралының авторы.

Марапаттары

  • "Құқық саласындағы ең үздік оқытушы" белгісінің иегері (2008).<ref>Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2012.1-том. – 616 бет. ISBN 9965-893-92-6.</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер