Гүлнәз Дүйсекқызы Ілгекбаева
Үлгі:Ғалым Гүлнәз Дүйсекқызы Ілгекбаева — ветеринария ғылымының докторы (2008), профессор.
Мазмұны
Өмірбаяны, еңбек жолы
1966 жылы 26 маусымда Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Дайыр ауылында туған.
Семей зооветериналық институтын (1988, қазіргі Семей малдәрігерлік институты), Қазақ ғылыми-зерттеу малдәрігерлік институтының аспирантурасын (1994), Қазақ ұлттық аграрлық университетінің докторантурасын (2003) бітірген.
1992-2000 жылдары Қазақ ғылыми-зерттеу малдәрігерлік институтында кіші, аға ғылыми қызметкер, 2005-08 жылдары Қазақ ұлттық аграрлық университетінде кафедра ассистенті, 2008-09 жылдары аға оқытушы, Қашықтықтан білім беру технологиясы бөлімі оқу ісін ұйымдастыру және басқару секторының меңгерушісі, 2009-11 жылдары доцент міндетін атқарушы, 2011 жылдан доцент, Стратегиялық даму департаменті бизес-жобалауды басқару бөлімінің инспекторы.
Ғылыми бағыты, еңбектері
"Қосымша факторы бар серологиялық реакциялар компонеттерін дайындаудың теориялық негізі және технологиясы" тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. Жылқының копплементін серологиялық реакцияда қолдануды, тиімділігі жоғары серологиялық тест-жылқы комплементін байланыстыру реакциясын ұсынды. Қан сарысуында иммундік кешенді анықтау арқылы балау қоюға болатындығын дәлелдеді. Бурцеллез, туберкулез, трипанозомоздардың диагностикасын, күресу шараларын жетілдіріп, биопрепараттары мен қалыптамалық техникалық құжаттарын даярлады.
130-дан астам ғылыми еңбектің, 13 алдын ала куәліктің, 1 оқу құралының авторы.
Марапаттары
- Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының ең үздік ғылым жұмысы үшін сыйлығының иегері (1997).<ref>Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.2-том. – 616 бет. ISBN 978-601-7472-16-0.</ref>