Гүлнұр Бүркітбаева

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Гүлнұр Бүркітбаева (6. 6.1981 жылы, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы) - тележурналист. <ref>Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. — Алматы: "ҚазАқпарат", 2009, 1-т. ISBN 978-601-03-0070-57.</ref>.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін (2002), Қызылорда Гуманитарлық университетін бітірген (2004).

Қызметі

Еңбек жолын 2003 жылы "Құқықтық Қазақстан" газетінің Қызылорда облысы бойынша меншікті тілшілігінен бастап, 2004-2005 жылдары облыстық "Кімге Не?" газетінің тілшісі, бас редакторы, 2006-2007 жылдары "Қызылорда" қоғамдық телерадиокомпаниясының редакторы. Облыс және қала көрермендеріне танымал "Жедел жәрдем" проблемалық хабарының авторы және "Аптаның алты ауызы" ақпараттық-сараптамалық бағдарламасының авторы әрі жүргізушісі.

2008 жылы республикалық "Рахат" телеарнасының Қызылорда облысы бойынша тілшісі.

Марапаттары

Халықаралық "Шабыт" VI шығармашылық жастар фестивалінің лауреаты (2003), облыстық имандылық бәйгесінің (2005), республикалық "Қызыл Ай" қоғамының бәйгесінің жеңімпазы (2005), Қызылорда облысының "Ең жас журналисі" номинациясының (2009), "Қызылорда қаласына-190 жыл" мерекелік төсбелгісінің иегері (2009).

Дерекөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}