Гүлнар Өмірзақова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Гүлнар Өмірзақова - 1960 жылы 4 ақпанда Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Беріктас ауылында туған.


1980 жылы Қыздар педагогикалық институтының тіл-әдебиет факультетін бітірген. «Жетісу», «Қазақстан пионері» (қазіргі «Улан»), «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газеттері мен Қазақ радиосында тілші, Орталық мұрағатта қызметкер, аудандық мәдениет үйінде директор, мектепте ұстаз болып жұмыс істеген. Қазір Алматы облысы Жамбыл ауданының «Атамекен» газетінің тілшісі әрі ұстаздық қызметте. «Жапырақ-ғүмыр» атты тұңғыш өлеңдер жинағы 1993 жылы «Жалын» баспасынан жарық көрген. «Қарлығаш» (1987), «Жыр тәңірі» (1995), «Қарасай батыр» (1996) атты ұжымдық жинақтарға өлеңдері енген. Сондай-ақ «Беріктас — берік босағам», «Жүрек лүпілі» атты жыр жинақтары шыққан. Абай, М.Жұмабаев, М.Мақатаев атындағы жыр мүшәйраларының жеңімпазы. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Құрмет грамотасымен, аудандық, облыстық Мақтау қағаздарымен марапатталған. «Жігер» фестивалінің лауреаты.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref><ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/>