Гүлнар Юсупқызы Саитова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Гүлнар Юсупқызы Саитова 1952 жылы 10 маусымда Алматы облысы Шелек ауданы Шелек ауылында туған. ұйғыр. Әкесі - Саитов Юсупгмузыкант, дойыршы. Анасы - Машурова Тұрсынқыз Әбдірахманқызы, Қ. Қожамияров атындағы Мемлекеттік республикалық ұйғыр музыкалық комедия театрының актрисасы. Т. Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтының хореография режиссурасы факультетін бітірген (1999), режиссер-хореограф. Өнертану ғылымының кандидаты (1995). Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «ұйғыр сахна биі». «Шығыс биі» (2006) оқу құралының, ұйғыр би өнері тақырыбындағы 13 мақаланың авторы. Ағылшын, түрік және қазақ (сөздікпен) тілдерін біледі. 1971 жылдан - Қ. Қожамияров атындағы Мемлекеттік республикалық ұйғыр музыкалық комедия театрының балет әртісі. 1995 жылдан бері - Қ. Қожамияров атындағы Мемлекеттік республикалық ұйғыр музыкалық комедия театрының бас балетмейстері, Т. Жургенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының аға оқытушысы. Алматы қаласындағы ұлттық мектептерде ұйғыр биінің оқытушысы (1991 жылдан). ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған (1985). «Ильхам» сыйлығының лауреаты (2005). Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Экономикалық тұрақтылық, жуырдағы 10 жылда әлемдік аренаға шығу». Хоббиі - қолөнер: бисермен кестелеу және тоқу, музыка. Сүйіп оқитын әдебиеті -тарихи романдар, поэзия, лирика, әлем әдебиетінің классикасы. ¥лдары - Хасанов Әлішер (1972 ж. т.), режиссер-хореограф; Хасанов Бахтияр (1976 ж. т.), «Яшлық» ансамблінің музыканты.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub