Гүлнар Ойратқызы Әбікеева

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Гүлнар Ойратқызы Әбікеева

1962 жылы 12 қаңтарда Алматы қаласында туған. Қазақ.

Әкесі - Әбікеев Ойрат Абдрахманұлы, кен инженері. Анасы - Әбікеева Ақан Қарғұлқызы, заңгер, судья.

Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтының сценарий-кинотану факультетін (1984), кинотанушы мамандығы бойынша; Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтының аспирантурасын (1992) бітірген. Өнертану кандидаты (1990). Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Қазіргі заманғы кино үдерісіндегі Батыс пен ІІІығыс мәдениеттерінің өзара әрекеттесуі». «Жаңа қазақ киносы» (1998), «Орталық Азия киносы. 1990- 2001» (2001), «The Heart of the World: Films from Central Asia» (2003), «Қазақстандағы және Орталық Азияның басқа елдеріндегі ұлттық құрылыс, және осы үдеріс кинематографта қалай көрініс табуда» (2006), «Киноплакат. Қазақстан» (2008) кітаптарының; Орталық Азияның ойын фильмдерінің «Орталық Азия киносындағы ұлттық өзін-өзі анықтаудың екі дәуірі: 60-шы және 90-шы жылдар» DVD топтамасына құрастырылған (2006), «Орталық Азияның деректі киносы: ұлттық өзіндік сананың қалыптасуының екі дәуірі» атты Орталық Азияның деректі фильмдерінің DVD топтамасына құрастырылған (2008) буклеттердің; кітаптар мен журналдардағы 50-ден астам, газеттер мен интернет-сайттардағы 200-ден астам мақаланың; «International Film Guide» үшін Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан мен Тәжікстанның кинематографияларына шолудың; халықаралық кино сыншылары федерациясының FIPRESCI сайтындағы,британдық www.kinokultura.com сайтындағы, «Сіпетауа» үнді журналындағы, ресейлік «Искусство кино» және «Кинофорум» журналдарындағы мақалалардың авторы.

Қазақ, орысжәне ағылшын тілдерін біледі.

1984 жылдан - «Қазақфильм» киностудиясының сценарийлік-редакциялық алқасының аға редакторы. 1987 жылдан - Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтының аспиранты (Мәскеу қ.). 1992 жылдан - «Азия кино» жур- налының бас редакторы. 1994 жылдан - Т. Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтының «Кино тарихы және теориясы» кафедрасының меңгерушісі. 1997 жылдан - «Сорос-Қазақстан» қорының «Мәдениет және өнер», «Бұқаралық ақпарат құралдарын қолдау» бағдарламаларының үйлестірушісі. 2001 жылдан - Фул- брайт стипендиаты, АҚШ-тың Болдуин колледжінің, Пистбург университетінің зерттеушісі және оқытушысы. 2002 жылдан - «Сорос-Қазақстан» қорының «Шығыс Батыс» бағдарламасының үйлестірушісі. 2003 жылдан - «АСТВ» телеарнасының бас продюсері (Астана қаласы). 2004 жылдан - «Орталық Азия кинематография орталығы» қоғамдың қорының директоры (Алматы қаласы).2005 жылдан бері - «Еуразия» халықаралық кино байқауының арт-директоры. 2006-2008 жылдары - «Евразия кино» журналының бас редакторы.

2009 жылдың қаңтар айынан бері - «Территория кино» журналының бас редакторы.

«Мегаполис» (2003-2005), «Начнем с понедельника» (2006-2008) газеттерінде кино туралы тұрақты айдарды жүргізген.

ҚР Кинематографистер одағының мүшесі (1998 жылдан),«ФИПРЕССИ» (Халықаралық кино сыншыларының федерациясы, 2006 жылдан) мүшесі, НЕТПАК (Азия кино сыншыларының қауымдастығы, 2007 жылдан) мүшесі.«Қазақстан Парламентіне 10 жыл» медалімен марапатталған (2006).

Діни көзқарасы - мұсылман.

Саяси қайраткөр ретіндегі идеалы - М.Ганди.

Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Қазақстан тұрақты дамып, Еуразиядағы маңызды геосаяси рөлді атқаратын болады».

Хоббиі - әлем тағамдары.

Сүйіп оқитын әдебиеті - А. Баррико, С. Рушди, Т. Манн,К. Оэ, Ю. Мисима, М.В. Льоса, Г. Маркес, О. Памук, М. Павич,Пу Сун-лин, А. Рой және тағы басқа.

Тұрмыс құрған. Жұбайы - Сәбитов Әлім Равильұлы,сәулетші. Қыздары - Белкина Дарья Олеговна, Әбікеева Дана Олеговна.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub