Гүлнар Малбағарқызы Меңдіқұлова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:E8562-Almaty-Lake-Sayran.jpg
Гүлнар Малбағарқызы Меңдіқұлова туған қаласы (Алматы).

Гүлнар Малбағарқызы Меңдіқұлова <ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том</ref>(7.4.1961 жылы туған, Алматы) – ғалым, тарих ғылымының докторы (1999). ҚазМУ-дың (ҚазҰУ) тарих факултетін (1983), аспирантурасын (1989) бітірген.

Толығырақ

1983 – 1986 жылдары Алматы архитектуралық құрылыс институтында, ҚазМУ-да оқытушы, 1990 жылдан Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында жетекші ғылыми қызметкер, ғылыми ақпарат бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарып келеді. Ғылыми еңбектерінің негізгі бағыты – қазақ диаспорасы тарихының қазіргі заманғы мәселелері, этникалық саясат, Қазақстан мен Орта Азияның Қазан төңкерісіне дейінгі тарихын зерттеу. Гүлнар Малбағарқызы Меңдіқұлова Қазақстан мен шет елдерде жарық көрген 70-ке жуық ғылыми еңбектің авторы. АҚШ ун-ттерінде, Оксфорд университетінде, Стамбұл, Анкара университеттерінде, Польша мен Канаданың жоғары оқу орындарында лекциялар оқыған. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын табысты атқарғаны үшін бірнеше халықаралық сыйлыққа (1994 жылы – АҚШ, 1996 жылы – АҚШ, Польша, 1999 жылы – Ұлыбритания) ие болды.

Шығармалары

Шығармалары:

  • Исторические судьбы казахской диаспоры. Происхождение и развитие, А., 1997;
  • Некоторые неопубликованные источники по истории казахской диаспоры, извлеченные из британских архивов // Отан тарихы, 1998, ғ1.

Сілтемелер

Дереккөздер

<references>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Гүлнар Малбағарқызы Меңдіқұлова|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}