Гүлнар Дусматова
Үлгі:Merge Гүлнар Абдуллақызы Досматова - (5.11.1964 жыл, Алматы) - киноактриса, тележүргізуші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2011).
Өмірбаяны
ҚазҰУ-ды бітірген (1989). Кинодағы алғашқы елеулі рөлі "Даладағы қуғын" (Бандыны қуған Хамит) фильміндегі - Әйгерім (1979). Сол фильмнен Гүлнар кішкентай болғанымен де бірден атақты бола шықты.
1985 жылдан "Қазақфильм" киностудиясының актрисасы. Досматова 20-дан астам фильмге түскен. Мысалы, "Жеңімпаз" (1982), "Үш күн мереке" (1981), "Кардиограмма" (1995), т.б. Отандық "Тоғысқан тағдырлар" телесериялында ойнады.
1985 ж. Минскіде өткен Бүкілодақтық кинофестивальда "Адамдық болмыс" фильміндегі ролімен "Ең үздік әйел бейнесі" үшін жүлдесін жеңіп алды.
2000 ж. "Жыл таңдауы" байқауында "Жылдың үздік актрисасы" атанды.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>
Ал 1982 жылы оны диктор болуға телевизияға шақырылды.
Оны атақты қылған фильмдер: «Қызғыш құс», «Сон во сне», «Кардиограмма» және де Хуат Ахметовтің режиссерлігімен түсірілген "Человек ветер" фильмі. 2000 жылы үздік актриса деген номинацияға ие болды.
Фильмдері
- 1979 - Бандыны қуған хамит
- 1981 - Провинциальный роман
- 1983 - Өтелмеген парыз
- 1983 - Непобедимый
- 1984 - Адамдық болмыс
- 1991 - Қызғыш құс
- 1992 - Сон во сне
- 1994 - Кодекс молчание
- 1995 - Кардиограмма
- 1996 - 2000 - Тоғысқан тағдырлар
- 2001 - 2003 - Саранша
- 2006 - Человек ветер
- 2007 - Застава
- 2009 - Есікті аш мен бақытпын
- 2010 - Астана махаббатым менің
- 2010 - Нағыз полковник
- 2010 - Рывок
- 2011 - Невероятные приключения Бахи и Тахи
- 2011 - Бақытын іздеген жан
- 2011 - Братья
Дереккөздер
<references/>
- 5 қарашада туғандар
- 1964 жылы туғандар
- Алматыда туғандар
- Қазақстан актрисалары
- КСРО актрисалары
- Қазақстан халық әртістері
- XX ғасыр актрисалары
- XXI ғасыр актрисалары
- Қазақстан тележүргізушілері
- XXI ғасыр тележүргізушілері
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері
- Қазақфильм актрисалары
- Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері
- Қазақстан киноактрисалары