Гүлнар Буважанқызы Зиятова

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Тұлға Гүлнар Буважанқызы Зиятова (1976 жылы 4 қазанда Шевченко қаласында туған) — педагог, балетмейстер.

Өмірбаяны

Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының театр факультетін бітірген (2000), драма режиссері.

1994 жылдан 1995 жылдары - Ақтау қаласы №23 орта мектебінде қосымша білім беру педагогі.

2000 жылдан - Ш. Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драмалық театрында хормейстер.

2002 жылдан бері - Маңғыстау облыстық музыкалық драма театрында бас балетмейстер.

Жеке өмірі

Ұлты - Қазақ. Діни көзқарасы - мұсылман. Қазақ және орыс тілдерін біледі.

Қызығушылығы (хоббиі) - кино, балет, театр. Сүйіп оқитын әдебиеті - Омар Хайям, Шыңғыс Айтматов<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>.

Отбасы

Әкесі - Зиятов Буважан, марқұм, өнеркәсіп саласында жұмыс жасаған.

Анасы - Зиятова Алма, үй шаруасында.

Тұрмыс құрмаған.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:WikifyҮлгі:Bio-stub