Гүлнар Авутова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

1964 жылы 10 қарашада Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Үлкен Ақсу (Чоң Ақсу) ауылында туған. 1982 жылы орта мектепті бітірген соң, Абай атындағы Қазақ педагогика институтының филология факультетінің орыс-ұйғыр бөлімін тамамдаған. Содан бері Шығыстану институты Ұйғыртану орталығының ғылыми қызметкері болып істеп келеді.

1990 жылы «Жазушы» баспасынан «Гүлзарим» атты алғашқы өлеңдер жинағы жарық көрген. «Интизар» журналында, «Ұйғыр авази» газетінің беттерінде көптеген жаңа өлеңдерімен көрінген. «Ақиқатты қорықпай сөйле...» (ұйғыр тілінде) атты мақалалар топтамасын (А., «Мир», 2007) шығарған, онда ұйғыр ақыны Л.Мүтәллиптің шығармалары туралы айтылған. «Мадонны Турана» атты поэтикалық антологияға (А., 2007), «Шеирийәт гүлзари» («Поэзия гүлзары») (2007), «Қазақстан — мениң вәтаним» (Қазақстан — менің Отаным) атты жинақтарға өлеңдері енген (2008).<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса — Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}