Гүлмира Тынышбекқызы Дайрабаева

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Тұлға Гүлмира Тынышбекқызы Дайрабаева (1972 жылы 10 қарашада Қызылорда облысында дүниеге келген) — қазақстандық танымал тележүргізуші, журналист, актриса. Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері. Ақпарат саласының үздігі төсбелгісі.

Білімі

  • 1995 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар мамандығы бойынша бітірген
  • 1995 жылы Францияның СОФИ АНТИПОЛИС шет елдіктерге арналған институтында тәжірибеден өтті.
  • 2018 жылы USC Sol Price School of Public Policy, Оңтүстік Калифорния университетінің, АҚШ, Мемлекеттік саясат және басқару академиясының түлегі.
  • «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері.
  • Мемлекеттік саясат және басқару магистрі.

Еңбек өтілі

  • Еңбек жолын 1990 жылы «Қазақстан» телеарнасында жүргізуші болып бастаған
  • 1990-1997 жылдары «Қазақстан» телеарнасында редактор, «Таңшолпан» бағдарламасында жүргізуші, коммерциялық бөлім қызметкері
  • 1995 жылы Францияның СОФИ АНТИПОЛИС шет елдіктерге арналған институтында тәжірибеден өтіп, ФРАНЦ-3 мемлекеттік арнасында, музыкалық HIT MASHINE хабарының жүргізушісі
  • 1997-2000 жылдары НТК телеарнасының қазақ тілді бағдарламалар бөлімінде бас редактордың орынбасары, «Женский тележурнал» бағдарламасының жүргізушісі
  • 2000-2001 жылдары «Хабар» арнасындағы «Время Народного банка» бағдарламасының жүргізуші, редакторы
  • 2002 жылы «Орт-Казахстан» телеарнасының деректі жобалар жетекшісі, «Наследие» бағдарламасының жүргізушісі
  • 2002-2005 жылдары «Хабар» арнасында редактор, тележүргізуші, арнайы жобалардың жүргізушісі
  • 2005 жылдан «Қазақстан» ҰТА-да еңбек етеді
  • 2012 жылдың ақпан айынан «Қазақстан» ҰТА-да «Таңғы бағдарламалар» бірлестігінің жетекшісі
  • 2018-2021 жылдар алағында "Болашақ" халықаралық бағдарламасы арқылы АҚШ-тағы Оңтүстік Калифорния университетінде магистратурада білім алды.
  • 2021 жылдың тамыз айынан бастап «Қазақстан» ҰТА-да «Таңғы бағдарламалар» бірлестігінің жетекшісі қызметіне кірісті
  • 2021 жылғы қазан айынан бастап Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің баспасөз хатшысы
  • 2022 жылғы қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің баспасөз хатшысы және Қоғаммен байланыс департаментінің директоры лауазымына тағайындалды.

Марапаттары

  • Елбасының жарлығымен жоғарғы мемлекеттік марапат «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағымен марапатталған.
  • Қазақстан Республикасының Ақпарат саласының Үздігі.
  • «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» медалімен марапатталған.

Сыртқы сілтемелер

Үлгі:Қазақстан телерадиокорпорациясы