Гүлмира Серікқызы Мұсаева

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Ғалым Гүлмира Серікқызы Мұсаева — техника ғылымының докторы (2008), профессор (2011).

Өмірбаяны, еңбек жолы

1973 жылы 2 мамырда Өзбекстанда Ташкент қаласында туған.

Алматы темір жол көлігі инженерлері институтын (1995, қазіргі ALT Университеті) және аспирантурасын (1998) бітірген.
1999-2010 жылдары осы академияда оқытушы, деканның орынбасары, доцент, жол және жол шаруашылығы кафедрасының профессоры қызметтерін атқарған. 2010 жылдан өміртіршілік қауіпсіздігі және экология кафедрасының профессоры.

Ғылыми бағыты, еңбектері

"Темір жолдың шапшаң учаскелеріндегі жылжымалы құрам мен темір жол желісінің өзара әрекеттесуі" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған.
Негізгі ғылыми бағыты – қосарланған қозғалыс учаскелерінде мамандандырылған жылжымалы құрамды өткізу барысында темір жол желісі жұмысының тұрақтылығын арттыру мәселелелері.
90-нан астан ғылыми еңбектің, оның ішінде 5 монография мен оқу құралдарының авторы.<ref>Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.2-том. – 616 бет. ISBN 978-601-7472-16-0.</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер