Гүлмира Николаевна Накипова
Үлгі:Ғалым Гүлмира Николаевна Накипова — экономика ғылымының докторы (2009), профессор (2011).
Өмірбаяны, еңбек жолы
1965 жылы 6 қарашада Қарағанды қаласында туған.
Қарағанды кооператив институтын (1985, қазіргі Қарағанды экономика университеті) бітірген.
Кооперативтік сауда экономикасы Бүкілодақтық ғылыми-зерттеу институтының Қазақ бөлімшесінің кіші ғылыми қызметкері (1987-88), Қарағанды кооператив институтында аға оқытушы, доцент (1988-2001), Қарағанды экономика университетінде декан, жетекші ғылыми қызметкер (2002-08) болды. 2009 жылдан декан, профессор.<ref>[https://keu.edu.kz/images/stories/Nauka/Grants/AP26102165/nk1.pdf Накипова Гульмира
Николаевна.]</ref>
Ғылыми бағыты, еңбектері
Негізгі ғылыми бағыты – әлеуметтік-экономикалық жүйелерді стратегиялық басқарудағы жаңа тәсілдер.
"Жаһандану жағдайында Қазақстанның азық-түлік аясын стратегиялық басқару: теориясы, әдіснамасы, басымдықтары" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған.
55 ғылыми жарияланымның, 3 монография, 2 оқулық, 1 оқу құралының авторы.
Марапаттары
- Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы (2007).<ref>Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.2-том. – 616 бет. ISBN 978-601-7472-16-0.</ref>