Гүлмира Истайбекқызы Исимбаева

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Гүлмира Истайбекқызы Исимбаева (23 тамыз 1957, Жамбыл облысы) — қазақстандық мемлекеттік қайраткер, педагог және заңгер. 2007—2021 жылдары Парламент Мәжілісінің депутаты.

Өмірбаяны

Жамбыл педагогикалық институтының филология факультетін (1978) орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі мамандығы бойынша; С.М. Киров атындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетін (1994) заңгер-құқықтанушы мамандығы бойынша бітірген.

12-жылдық білім беру бағдарламасы бойынша 1-сыныпқа арналған «Букварь» оқулығының авторы. «Нұр Отан» ХДП мүшесі.

1978 жылдан - Жамбыл облысы Талас ауданы Үшарал ауылы ОМ орыс тілі пәнінің мұғалімі, директордың орынбасары. 1990 жылдан - ҚР Жоғарғы Кеңесі Ғылымды дамыту және халыққа білім беру комитетінің хатшысы, төрағасының орынбасары. 1993 жылдан - Алматы қаласы білім беру департаментінің бастығы. 2007 жылдан бері - ҚР Парламенті Мәжiлiсі 4-ші шақырылымының «Нұр Отан» ХДП тізімі бойынша депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі. ҚазКСР Жоғарғы кеңесінің 12-ші шақырылымының депутаты.

Марапаттары мен атақтары

«Құрмет» орденімен (2009); «Ерен еңбегі үшін» (2001), А.С. Пушкин атындағы медальмен (2003), Ы. Аптынсарин атындағы төс белгісімен марапатталған (2007), Алматы қаласы және ҚР Президентінің алғысының, төс белгісінің иегері, М.В. Ломоносов атындағы сыйлықтың иегері. ҚР білім беру ісінің үздігі. ҚР білім беру ісінің Құрметті қызметкері.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер