Гүлмереке Асқарқызы Ахметова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Гүлмереке Асқарқызы Ахметова (Кенбейлова) – Желтоқсан көтерілісіне қатысқан еліміздің патриот азаматшаларының бірі.

<ref>«Желтоқсан қарлығаштары» кітабы, ISBN 788-548-4258-64-5</ref>

1965 жылы 7 қарашада Ақмола облысы, Жақсы ауданы, «Терісаққан» ауылында дүниеге келген. 1982 жылы «Терісаққан» орта мектебін бітіріп, 1983 жылы Арқалық педагогикалық институты филология факультетінің, орыс тілі және әдебиеті бөлімінде білім алған. 1987 жылы ақпан айында 4 курста оқып жүрген кезінде Желтоқсан оқиғасында белсенділік танытқаны үшін комсомол мүшелігінен және оқудан шығарылған.

Қазір Ақмола облысы, Жарқайың ауданы, Державин қаласының А.Әкібаева атындағы орта мектепте ұлағатты ұстаз болып қызмет атқарады.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}