Гүлжиян Мағданқызы Сүлейменова
Гүлжиян Мағданқызы Сүлейменова - 1953 жылы 1 мамырда Павлодар облысы Цюрупин ауданының Үлгілі ауылында туған. Қазақ. Әкесі - Сүлейменов Мағдан Меркенұлы. Анасы - Сыздықбаева Нұрбике. Қыздар педагогикалық институтының тарих және педагогика факультетін (1975) тарих және қоғамтану мұғалімі, әдіскер мамандығы бойынша; ҚМЭБИ (1993) саясаттанушы мамандығы бойынша бітірген. Қазақ және орыс тілдерін біледі. «Нұр Отан» ХДП мүшесі.
- 1969 жылдан - Алматы облысы Күрті ауданы Айдарлы ОМ жанындағы интернат тәрбиешісі.
- 1970 жылдан – қыздар педагогикалық институтының студенті.
- 1975 жылдан - Айдарлы ОМ тарих оқытушысы, тәрбиешісі, сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстардың ұйымдастырушысы.
- 1978 жылдан - «Білім» қоғамы Күрті аудандық ұйымының жауапты хатшысы (Ақши ауылы, Алматы облысы).
- 1980 жылдан - Алматы облысы Күрті ауданы Андреев атындағы ОМ директоры.
- 1985 жылдан - Алматы облысы Күрті ауданы Бозой ауылдық Халық депутаттары кеңесі атқару комитетінің төрағасы.
- 1987 жылдан - Қазақстан Компартиясы Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық комитетінің хатшысы, екінші хатшысы (Есік қаласы).
- 1991 жылдан – Алматы облыстық атқару комитетінің Жастар ісі жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары.
- 1992 жылдан - ҚР Халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Зейнетақымен қамтамасыз ету бас басқармасы зейнетақылар мен жәрдемақылар бөлімінің маманы.
- 1993 жылдан - ҚР Министрлер кабинетінің жанындағы Тілдер жөніндегі комитеттің Қазақ диаспорасымен және қоғамдық ұйымдармен байланыс басқармасының бас маманы.
- 1994 жылдан – ҚР Министрлер кабинетінің жанындағы Тілдер жөніндегі комитеттің ғылыми ақпарат бөлімінің бастығы, ақпараттық баспа бөлімінің бастығы.
- 1995 жылдан - ҚР Ұлттық саясат жөніндегі мемлекеттік комитеті хат және азаматтарды қабылдау бөлімінің бастығы.
- 1996 жылдың қаңтарынан - ҚР Ұлттық саясат жөніндегі мемлекеттік комитеті азаматтардың шағымдарымен, мамандармен және арнайы қызметкерлермен жұмыс секторының меңгерушісі.
- 1996 жылдың тамызынан - ҚР Білім және мәдениет министрлігі Тіл саясатын үйлестіру департаменті дін істері және қоғамдық бірлестіктермен байланыс бөлімінің меңгерушісі.
- 1997 жылдан - Алматы облысы Текелі қаласы әкімінің орынбасары.
- 1999 жылдан - С. Сейфуллин атындағы Алматы облыстық кітапханасының директоры.
- 2003 жылдан - Алматы облысы Қаратал ауданы әкімінің орынбасары (Үштөбе қаласы).
- 2004 жылдан - Алматы облысы Панфилов ауданы әкімінің орынбасары (Жаркент қаласы).
- 2008 жылдың наурызынан бері - Алматы облысы Ішкі саясат басқармасының бастығы.
Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев.
Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Қазақстан бәсекеге қабілетті, ілгері дамушы ел болады».
Хоббиі - кітаптар оқу.
Сүйіп оқитын әдебиеті - әртүрлі.
Тұрмыс құрмаған.
<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық.
Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2</ref>
Дереккөздер
<references/>