Гүлжауһар Шериязданқызы Елеукенова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Гүлжауһар Шериязданқызы Елеукенова (4.3.1954, Өскемен қаласы, 1.12.1999, Алматы) - өнертанушы, педагог, өнертану кандидаты (1992). Ленинградтың (қазіргі Санкт-Петербург) Кескіндеме, мүсін және сәулет өнері институтын бітірген (1979). Сол жылдан өмірінің соңына дейін Алматы театр және көркемсурет институтында (қазіргі Қазақ ұлттық өнер академиясы) педагогикалық қызметпен айналысты. Оның бейнелеу өнері бойынша жазған ғылыми мақалалары (30-дан аса) республикалық және бұрынғы одақтық мерзімді басылымдарда жарық көрді. Шығармалары: Хакимжан Наурызбаев, А., 1997; Очерк истории средневековой скульптуры Казахстана, А., 1999.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965260958</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}