Гүлжан Шаяздарқызы Оспанова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Оспанова Гүлжан Шаяздарқызы- Қазақ Ұлттық Техникалық университетінің доценті, химия ғылымдарының кандидаты. 1950 жылы Алматы қаласында дүниеге келіп, Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің (Қазіргі Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті) физикалық химия мамандығы бойынша бітірді. Қазіргі таңда Қазақ жоғарғы білім беру саласында әлемге аты шыққан беделді ғалым-оқытушылардың бірі болып табылады.

Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы кафедрасының доценті Оспанова Г.Ш.-ның негізгі ғылыми бағыты – бұл экологияға зиянсыз жаңа кен өндіру технологиясын, түсті, асыл металдарды, және уранды алуды жер туралы жаңа жетістіктерді ескере отырып зерттеу. Лиссабондағы (Португалия) техникалық университетте осы бағытта туындаған сұрақтарды қарастырған. Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-нің магистранттарына ағылшын тілінде дәрістер (лекциялар) оқыған. Кендер мен қалдықтардан алтынды цианидсыз комплекстермен алу, ерітінділерден алтын, уран және т.б. металдарды алуда гельдік тұндырғыштар ман сорбенттерді қолдануды, уранқұрамды ерітінділерді тазалау мен уранды алу үшін бірнеше бейорганикалық қосылыстарды, ерітінділердегі металдардың электрохимиялық тотығу-тотықсыздану процецестерін ұсынды.

Мемлекетаралық ғылыми-конференцияларда талқыланған маңызды мәселелері.

- Technical conference “Uranium production”. International Atomic Energy Agency. Austria. 2010.
- International Conference “Environmental nanotechnology conference”. USA, 2008.
- International conference “UMH”. Germany. 2008. - International Copper-Cobre conference. Canada. 2007.
- International Conference "From nanostructure design to sustainable technologies. Turkey, 2006.
- International Congress “Valorisation and recycling of industrial waste”. Italy. 2007.
- International Conference “Fluid transport in nanoporous materials”. France. 2003.
- International Conference “Molecular, nano-, micro- and macro-systems in complex environments”. Italy. 2002.
- 27th International Conference on Solution Chemistry. Vaals – Netherlands, тамыз 2001.
- IUPAC 38th Scientific congress and 9th Asian Chemical congress (WCC), Australia, 2001.

Оқытатын пәндер:

  1. • Ядерлі химиялық технологиясының негізі;
  2. • Жерасты шаймалау технологиясы;
  3. • Уран өндірісінің өнімді ерітінділерін қайта өңдеу;
  4. • Шет елдегі уранды өндеудің заманауи технологиясы
  5. • Таза уранды бөліп алу технологиясы;
  6. • Уран және СЖЭ электрохимиялық және электротермиялық үрдістері;
  7. • Химиялық технологиядағы электротермиялық және электрохимиялық процестер;
  8. • Уран шікі затын өндеуде қолданылатын реагенттер технологиясы;
  9. • Отын элементтерін өндеу үшін қоспалар технологиясы
  10. • Электрохимиялық және электротермиялық өндірістердің технологиясы
  11. • Таза СЖЭ алу технологиясы;
  12. • СЖЭ химиялық технологиясы;
  13. • Химиялық электротехнология;
  14. • Аммиак өндірісі;
  15. • Азот қышқылы өндірісі;
  16. • Химиялық өндіріс қалдықтарын қайта өңдеу негізі;
  17. • Ғылым-техникалық информацияның негізі;
  18. • Стандарттау, метрология, сертификаттау;
  19. • Композициялык материалдар технологиясы;
  20. • Жарылғыш заттар өндірісіне арналған машиналар мен жабдықтар.

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}