Гүлжан Тыныштықбайқызы Шоқым

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Ғалым Гүлжан Тыныштықбайқызы Шоқым — филология ғылымының докторы (2009).

Өмірбаяны, еңбек жолы

1970 жылы 29 шілдеде Алматы облысында туған.

ҚазМУ-ды (1992, қазіргі Қазақ ұлттық университеті) және аспирантурасын (1997), Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің докторантурасын (2007) бітірген.
1992-94, 1998-2004 жылдары Ақтөбе мемлекеттік университетінде оқытушы, аға оқытушы, кафедра меңгерушісінің орынбасары, декан, 2007-09 жылдары Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде лаборант меңгерушісі қызметтерін атқарды. 2010 жылдан Ақтөбе өңірлік университетінде басқарма бастығы.

Ғылыми бағыты, еңбектері

Негізгі ғылыми бағыты – тіл теориясы, тіл білімінің философиялық мәселелері, гендерлік лингвистика, когнитивтік лингвистика, әлеуметтік лингвистика, лингвомәдениеттану, стилистика салалары.
"Тілдің гендерлік жіктелімінің ғылыми негіздері" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған.
70-тен астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 2 монография, 1 оқу құралының авторы.<ref>Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.2-том. – 616 бет. ISBN 978-601-7472-16-0.</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер