Гүлжан Жарылқасымқызы Әспетова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Кинематограф Гүлжан (Күлжахан) Жарылқасымқызы Әспетова (1946 жылы 28 мамырда Жамбыл облысы, Меркі ауданында туған) — кино және театр актрисасы. Қазақстанның халық әртісі (1993). "Құрмет" орденінің иегері. Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының актрисасы.

Толығырақ

Сахнадағы негізгі рөлдері

  • Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының сахнасында: Театрдағы алғашқы рөлі – М.Әуезовтің «Қарагөз" трагедиясындағы Қарагөз. Содан бері лирик.-драмалы қалыптағы бірсыпыра бейнелерді сахнаға шығарды. Олардың ішінде Еңлік, Құртқа (Әуезовтің «Еңлік-Кебегі» мен «Қарақыпшақ Қобыландысында»), Жәмила (Қ.Мұхаметжановтың «Бөлтірік бөрік астындасында»), Мақпал (Қ.Мұқашевтың «Дала балладасында»), Анар (О.Бөкеевтің «Құлыным меніңінде»), Бәтимә ханым (Т.Ахтановтың «Антында»), Мехменебану (Н.Хикметтің «Фархад-Шырынында»), Электра (Л.Дюрконың «Электрасында»), Иокаста (Софокльдің «Эдип патшасында»), Найман-Ана (Ш.Айтматовтың «Ғасырдан да ұзақ күнінде»), т.б. бейнелер бар.
  • Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының сахнасында: Ш. Айтматов «Ана-Жер ана» – Толғанай, «Ғасырдан да ұзақ күн» – Найман ана, Ә. Сарай «Балуан Шолақ» – Балуаның анасы, Ф. Буляков «Күйеуге шыққан кемпірлер» – Фатима, В. Дельмар «Баянсыз бақ» – Люси Купер, Дж. Патрик «Қымбатты Памела» – Памела, Т. Джюдженоглу «Көшкін» – Бәйбіше және т.б.

Кинодағы рөлдері

  • «Қазақфильм» киностудиясының «Несібелі», «Тоғызыншы ұлдан қорық», «Жау», «Мосфильмнің» «Киттер кеткенде», «Ақ бақсы» көркем туындыларында , «Еңлік-Кебек» телефильмдерінде басты рөлдерге түсті.

Марапаттары

  • 1981 жылы Қазақ КСР Еңбек сіңірген артисі
  • 1993 жылы ҚР халық әртісі (құрметті атақтарымен марапатталған);
  • 2011 жылы Құрмет ордені
  • 2015 жылы "Еңбек ардагері" медалі
  • 2016 жылы Меркі ауданының құрметті азаматы атағымен марапатталған.
  • 2016 жылы ҚР мәдениет саласындағы мемлекеттік степендиясының иегері.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер