Гүлжанар Болатқызы Шөкеева
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Гүлжанар Болатқызы Шөкеева - 1967 жылы 18 қарашада Орал облысы Жәнібек ауданы Талов ауылында туған. Қазақ. Анасы - Қуанова Мәстура (1937 жылы туған), зейнеткер. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын (1990) химия және биология пәндерінің мұғалімі мамандығы бойынша; Қазақстан-Ресей университетін (2008) саясаттанушы мамандығы бойынша бітірген. Лондон экономика және саясат мектебінде білім жетілдіру курстарынан өткен (2008).
- 1990 жылдан - Алматы облысы Райымбек ауданы Абай атындағы орта мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы.
- 1993-1994 жылдары - Алматы қаласы №73 орта мектептің химия пәні мұғалімі.
- 1996 жылдан - Алматы қаласы №16 кәсіптік лицейдің химия пәні оқытушысы, 2002 жылдан - директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары.
- 2003 жылдан - Алматы қаласы №20 орта мектебі директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары.
- 2004 жылдың тамызынан - Алматы қаласы Бостандық ауданы бойынша Ішкі саясат департаменті аумақтық бөлімінің бас маманы м.а., 2004 жылдың желтоқсанынан - бас маманы, 2005 жылдан - Алматы қаласы Түркісіб ауданы бойынша Ішкі істер департаменті аумақтық бөлімінің бастығы м.а.
- 2006 жылдың маусымынан - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Қоғамдық-саяси және көпшілікпен жұмыс департаменті әлеуметтік технологиялар мен саяси жоспарлау бөлімінің бас маманы, 2006 жылдың желтоқсанынан бастығы, 2008 жылдың ақпанынан - Қазақстан халқы ассамблеясымен өзара байланыс және қоғамдық-саяси
жұмыстар басқармасының бас сарапшысы, 2008 жылдың наурызынан - бастығы.
- 2008 жылдың қарашасынан - ҚР Президенті әкімшілігінің Қазақстан халықтары ассамблеясы хатшылығының кеңесшісі.
- 2010 жылдың наурызынан бері - Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасының бастығы. Алматы қаласы №16 кәсіби лицей жанындағы «Эрудит» танымдық клубының ұйымдастырушысы және жетекшісі (2002-2004). «XXI ғасыр лидері - жастар орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің атқарушы директорының орынбасары (2002-2004). Қарағанды (2004) және Астана (2005) қалаларында өткен III және IV Қазақстан жастары конгрестерінің жұмыстарына қатысқан.
Қыздары - Лешова Ләйлә (1990 жылы туған), Лешова Дана (1998 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>
Дереккөздер
<references/>