Гүлвира Тұрсынқызы Рузиева

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Тексерілмеген мақала Үлгі:Музыкант Гүлвира Тұрсынқызы Рузиева (Үлгі:Lang-ug 19 шілде 1936, Алматы, Қазақ КСР) — кеңестік қазақ және ұйғыр әншісі. Қазақстанның алғашқы ұйғыр халық әртісі (1981).

Өмірбаяны

Әкесі — Разиев Тұрсынғазыұлы. Анасы — Алиева Гульвазир Жетписпаевна.

Жұбайы — Омаров Алмас Бидалжанұлы, инженер-металлург болып жұмыс істеді. Ұлы — Омаров Руслан, қызы — Уварова Рената.

1964 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының вокалдық факультетін бітірді. Вокалист.

1958 жылдан Ұйғыр музыкалық комедия театрының (қазіргі Мемлекеттік Құдыс Қожамьяров атындағы ұйғыр музыкалық комедия театры) солисті.

1964 — 1991 жылдары — ҚР эстрадалық-симфониялық оркестрінің солисті.

Ұйғыр, қазақ және орыс тілдерін меңгерген.

"Парасат" орденімен марапатталған (2006). Алматы облысының Құрметті азаматы. ҚР Президенті сыйлығының стипендиаты.<ref>Кто есть кто в Республике Казахстан - 2011. Справочник в 2 томах. Алматы, 2011 - 1312с.(на каз., рус.яз.) ISBN 978-601-278-475-6</ref>

Шығармашылығы

  • Ұйғыр театрының сахнасында "Анархан", "Герим-Санам", "Проделки Майсары", "Аршин Мал-Алан" және т.б. спектакльдерде жетекші партиялар ойнады.
  • Қазақ радиосының алтын қорына оның орындауындағы 500 шығарма енді. "Мұнайма" компакт-дискісін (2002), "Уйгур кизи" аудиокассетасын (2002) шығарды.
  • 2007 — "Сәнъитим менен-ааятим менен" кітабының авторы.

Марапаттар

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер