Гүлбаршын Өскенбаева

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Гүлбаршын Өскенбаева – 1940 жылы туған, Алматы облысы Жамбыл ауданы Жамбыл мәдени-ағарту училищесінің театр бөлімін бітірген. 1964 жылдан Жамбыл облыстық қазақ драма театрында актриса болып еңбек етеді.<ref>Тараз энциклопедиясы</ref>

Рөлдері

Өскенбаева республикада тұңғыш сахналанған М.Шолоховтың «Тынық Дон» эпопеясындағы басты рөл – Аксиньяны, М.Әуезовтің «Қаракөзінде» Қаракөз, «Еңлік – Кебегінде» Еңлік, «Айман – Шолпанында» Айман, В. Шекспирдің «Гамлетінде» Гертруда, Ғ.Мүсіреповтің «Ақан сері – Ақтоқтысында» Ақтоқты, Ш. Айтматовтың «Ана-Жер – Анасында» Әлиман, М.Кәрімнің «Ай тұтылған түнінде» Зүбаржат т.б. барлығы 60-қа жуық рөлдерде ойнап, шеберлік танытты.

Жетістіктері

Ол өзінің өзгелерге ұқсай бермейтін сыршылдығымен, нәзіктігімен, ішкі жан дүниесіндегі иірімдерді көрермендерге көрсете алатын қабілеттігімен көзге түскен актриса. Өскенбаева сахнаға шыққанда өзі сомдап тұрған кейіпкердің көрермендер ойында қалуына ерекше мән беретін, алыстан ойлайтын алғыр талант иесі. 1976 жылы Қазақ ССР-і Жоғарғы Кеңесінің «Құрмет» грамотасымен марапатталды. 1986 жылы «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артісі» атағына ие болды.

Сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Гүлбаршын Өскенбаева|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}