Гурий Борисович Хан
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Гурий Борисович Хан (27 мамыр, 1931 жылы туған, Ресей, Приморск өлкесі, Никольск-Уссурийск ауданы Пуциловка станциясы) – философия ғылымдарының докторы (1987), профессор (1988).
Өмірбаяны
- ҚазМУ-ды (1954, қазіргі ҚазҰУ) бітірген.
- Алматы облысы партия комитеті аппаратында қызметкер (1954–1969)
- Алматы жоғары партия мектебінде кафедра меңгерушісі, 1-проректор (1969–1994) болған.
- 1995 жылдан Қазақ мемлекеттік заң академиясында ғылыми қызмет атқарды.
Ғылыми еңбектері
- «Диалектика внешних и внутренних условий современной национально-демократической революции» тақырыбында докторлық диссертация қорғады.
- 50-ден астам ғылыми жарияланым мен 4 монографияның авторы.
Марапаттары
- «Достық» орденімен марапатталған.<ref>Қазақ ұлттық энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}