Гумидтік климат

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Гумидтік климат – өте ылғалды климат (экваторлық ормандар, тайга, тундра аймағы); күн жылуының жеткіліксіздігінен жер бетіне түскен атмосф. жауын-шашынның түгел буланып немесе сіңіп кетпеуі салдарынан құрлықта ағын судың көп пайда болу құбылысы. Мұндай ағын су жер бедерінің эрозиялық пішінінің пайда болуына әкеліп соғады. Гумидтік климаттың екі түрі болады: полюстік түрі – көп жылдық тоңның басуынан артық ағын су жерге сіңе алмайды; фреатты түрі – ылғал ішінара топыраққа сіңіп, жер беті суының грунт суына қосылуы. «Гумидтік климат» терминін ғылымға алғаш рет неміс геоморфологы А.Пенк (1858 – 1945) климаттың геоморфол. жіктелімін жасау кезінде енгізді. Қазақстанда Гумидтік климат Алтай тауларының, Жетісу (Жоңғар) және Іле Алатауларының биік таулы белдемдеріне тән.

Дереккөздер

<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref> <references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Гумидтік климат|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}