Гульницкий Леонид Викентьевич

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Biography Гульницкий Леонид Викентьевич (4.4.1908, Беларусь, Брест облысы Барановичи ауданы – 6.12.1991, Алматы қ.) – физ.-матем. ғыл. докт. (1951), проф. (1951). Қазақ КСР-інің еңбек сің. ғыл. қайраткері (1958). Беларусь мемл. ун-тін бітірген (1930). 1932–1941 ж. Беларусь мемл. мед. ин-тында оқытушы, Минск геофиз. обсерваториясы директорының орынбасары, бөлім меңгерушісі, 1941–46 ж. Алматы геофиз. обсерваториясының директоры, бөлім меңгерушісі болды. 1945 жылдан өмірінің соңына дейін Қазақ политех. ин-тында (қазіргі Қазақ ұлттық тех. ун-ті) кафедра меңгерушісі, сонымен қатар 1945–52 ж. Қазақстан ғылым академиясының Астрофиз. ин-тында сектор меңгерушісі, директордың орынбасары қызметтерін атқарды. Негізгі ғыл.-зерт. еңбектері қазіргі физиканың логикалық-теор. негіздеріне, актинометрия және радиац. метрология мәселелеріне арналған. Ленин, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен және медальдармен марапатталған.<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references>