Грунттану

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Грунттанутау жыныстарының физиикалық-техникалық қасиеттерінің үгілу белдемінде табиғи және жасанды факторлардың әсерінен өзгеріске ұшырауы жөніндегі ілім, инженер геологияның бір саласы. «Грунттау» термині ғылыми және өндірістік әдебиетке 20 ғасырдың 20-жылдарында құрылыс жүргізілетін жерлердегі тау жыныстарын грунт ретінде зерттеуге байланысты енді. Грунттау грунттардың қасиеттерін шөгінділердің жиналуына, оның түрлі тау жыныстарына айналуына, кейін бұған әсер ететін барлық процестерге байланыстыра зерттейді. Қазақстанда Грунттау ғылымы 1941–1945 жылдары, әсіресе, соғыстан кейінгі дәуірде құрылыс ісінің зор қарқынмен жүргізілуіне байланысты дамыды. Темір және автомобил жолдарын, көпірлер салу, тау-кен өнеркәсібінің жаңа орталықтарын, ірі гидротехникалық-мелиоративтік құрылыстарды жүргізу Грунттау саласында көлемді ғылыми-зерттеу жұмыстарын атқаруды қажет етті. Инженерлік геология мен Грунттау саласының мамандары республикада Қазақ политехникалық институтының (қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университеті) инженерлік гидрогеологиялық кафедрасында даярланды. КСРО Ғылым Академиясының Қазақ бөлімшесінің геологиялық секторында 1938 жылы инженерлік геологиялық лабораториясы құрылды. Қазақстанда инженерлік геологиялық мен Грунттау мамандары аса ірі құрылыстардың салынуына байланысты зор көлемді инженерлік зерттеулер жүргізді, құрылыс ісін ғылым жағынан негіздеді. Бұған мысал ретінде Ертіс–Қарағанды каналының, Бұқтырма және Қапшағай СЭС-терін, тың жерлер мен Маңғыстау түбегінің көптеген алып құрылыстарын, Балқаш пен Жезқазған мыс комбинаттарын, Торғай боксит кеніштерін, т.б. көптеген ірі нысандарды атауға болады.<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}