Григорьев мұздығы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мұздық

Григорьев мұздығыІле Алатауының солтүстік беткейіндегі аңғарлық типтегі мұздық. Іле алабындағы Есік өзенінің саласы – Көкбұлақтың бастауында. Кеңес географы, академик А.А. Григорьевтің есімімен 1941 жылы аталған.

Аумағы

Мұздық солтүстікке қарай созылып жатыр. Ұзындығы 4,7 км, ауданы 8,9 км2, көлемі 0,72 км3. Фирн сызығы 3850 м биіктікте. Мұздық тік, құлама келген үш цирктен қоректенеді. Ашық жатқан мұздық тілі 3560 м биіктікте бітеді. Көкбұлақ өзені Григорьев мұздығынан басталады. Мұздық жылына 5 – 10 м шегінуде.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер