Григорий Михайлович Ефимов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Григорий Михайлович Ефимов 1962 жылы 16 қазанда Алматы қаласында туған. Орыс. Свердловск мемлекеттік театр институтын бітірген (1989), театр және кино актері. 1979 жылдан бері - Н. Сац атындағы Мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдерге арналған орыс театрының актері. Келесі спектакльдерде ойнайды: Ж.Б. Мольердің «Проделки Скапена» (Сильвестр, 1992); Р. Стивенсонның «Капитан Флинттің қазынасы» (Сильвер, 1992); И. Кальманның І«Мен - Актрисамын» («Сильва» опереттасының мотиві бойынша) (Ферри, 1992); М. Булгаковтың «Ақ крест» (Мышлаевский, 1993); С. Найденовтың «Ванюшиннің балалары» (Красавин, 1994); Э. Казакевичтің «Даладағы екеу» (Майор Ғабидуллин, 1995); У. Шекспирдің «Гамлет» (Гильденстерн; Горацио, 1995); А. Дюманың «Мадемуазель де Бель Иль» (Шевалье д'Оврэ, 1995); «Дананың жазылмас қайғысы» атты Абайға арналған әдеби көш (Абай, 1995); А.П. Чеховтың «Шағала» (Сорин, 1998); Н.В. Гогольдің «Беспримерная конфузия» («Ревизор») (Городничий, 2002); У. Шекспирдің «Он екінші түн» (Сэр Тоби Белч, Оливияның ағайы, 2005); Т. Габбенің «Альманзордың сықырлы сақиналары» (Сұлтан Әбдірахман, 2005); И. Бабельдің «Закат» (Мендель Крик, 2007); Я. Гловацкийдің «Замарашка» (Режиссер, 2007); А. Грибоедовтың «Горе от ума» (Павел Афанасьевич Фамусов, 2008); Лопе де Веганың «Ақымақ» (Октавьо, 2008) және т.б. «Республикаға сіңірген еңбегі үшін» ҚР Президентінің құрмет грамотасымен марапатталған (2001). Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. Сүйіп оқитын әдебиеті - фантастика, тарихи романдар. Үйленген. Жұбайы - Ефимова Галина Викторовна, Н. Сац атындағы Мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдерге арналған орыс театрының бас режиссері. Ұлы - Ефимов С.Г. (1985 жылы туған); қызы - Ефимова А.Т. (1987 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub