Григорий Васильевич Пинчук

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Григорий Васильевич Пинчук 1965 жылы 14 қаңтарда Семей қаласында туған. Орыс. «Қайнар» университетін бітірген (2001), халықаралық экономист. 1980 жылдан - Семей аяқ киім фабрикасының жұмысшы-тартушысы, жүкшісі. 1982 жылдан - Семей 3-АТК 5-ші разрядты слесарі, 3-ші сыныпты жүргізушісі. 1983 жылдан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте. 1985-1987 жылдары - «Семейауырқұрылыс» механикаландыру басқармасының 3-сыныпты жүргізушісі (Семей қаласы). 1990 жылдан - Семей сыра зауытының астық қоры қоймасының қоймашысы. 1992 жылдан - «Дархан» ЖК директоры (Семей қаласы). 1998 жылдан - «Глобус және К» ЖШС (Семей қаласы) директоры. 2000 жылдан - Семей қаласы әкімі орынбасарының м.а., 2001 жылдан - әкімінің орынбасары. 2002 жылдан - Шығыс Қазақстан облысы Бородулихин ауданының әкімі. 2007 жылдан - ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік нұсқаушысы. 2009 жылдан бері - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub