Григорий Брейгин

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Григорий Брейгин (1935, Украина, Глухов а.) – тележурналист<ref>"Қазақ телевизиясы", Энциклопедия. "ҚазАқпарат" Алматы, 2009,1-т ISBN 978-601-03-00-70-5</ref>.

ҚазМУ-ді бітірген (1964). "Партийная жизнь Казахстана", "Шмель" журналдарында, "Қазахстанская прав да" газетінде тілші, "Комсомольская правда" газетінің Алтай өлкесі, Волгоград және Астрахан облыстары бойынша меншікті тілшісі болып істеді.

1990 жылдан бастап тәуелсіз БАҚ-ты кұру ісімен айналысты. "Караван" газетінің тұңғыш редакторы әрі құрушысы. "Зеркало" журналы, "Ковчег" газетінің де жарық көруіне себепкер болды.

1997-98 жылдары КТК телеарнасының бас директоры. Қазақ қаламгерлері С.Бердіқұлов, С.Адамбеков, О.Әубәкіров шығармаларын орыс тіліне тэржімалады. Аудиторияға танымал эстрада әндер мәтінінің және бірнеше деректі фильмдер сценарийінің авторы. Бүгінде Израильде тұрады.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}