Гремякин мұнай-газконденсат кен орны

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Гремякин мұнай-газконденсат кен орны, Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы жерінде, Орал қаласынан солтүстік-батысқа қарай 36 км жерде, Гремякин ауылының<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref> маңында орналасқан. 1974 ж. ашылған. Кен орнындағы мұнай қорының қалыңдығы 10 – 15 м. Конденсаттағы газ жабындысының орташа мөлшері 206 г/см3. Шоғырлы қабат батыстан шығысқа қарай тереңдей түседі (2776 – 2785-тен 2870 м-ге дейін). Коллектор кеуекті, кеуекті-жарықшақты. Орташа кеуек 5,5-тен 10,5%-ға дейін өзгереді. Орташа өткізгіштігі 17 фм2. Кен орнындағы бастапқы қабат қысымы орташа есеппен 32 – 32,7 МПа, орташа температурасы 78 – 83°. Газдағы мұнайдың мөлшері 80 – 95%. Конденсатта күкірт (0,2 – 0,5%) пен парафин мөлшері аз (0,3 – 1,1%). Мұнайдың тығыздығы 840 – 852 кг/м3. Мұнайы күкіртті (0,51 – 2,0%) парафинді (1,51 – 6,0%), шайырлы (4,9 – 28%).<ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Гремякин мұнай-газконденсат кен орны|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}