Гранулоцитопоэз

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Гранулоцитопоэз (granulocytopoesis; лат. granulum - дәнше, грек, kytos — жасуша; poesis — түзілу) - адам мен жануарлар сүйегінің қызыл кемігі майында жүретін дәншелі (гранулалы) лейкоциттердің түзілу процесі. Гранулоцитопоэз процесінде қанның көпмүмкіндікті діңгекті жасушаларынан көпмүмкіндікті жартылай діңгекті жасушалар, олардан бірмүмкіндікті бастама жасушалар жетіледі. Бұлардан цитоплазмаларында дәншелер пайда болатын, кезегімен промиелоциттер, миелоциттер, метамиелоциттер (балғын гранулоциттер), таяқша ядролы гранулоциттер, бұлардан сегментті ядролы гранулоциттер дамып жетіледі. Сегментті ядролы гранулоциттер цитоплазмаларындагы дәншелердің әртүрлі бояулармен боялу сипатына сәйкес, олардың үш түрі: нейтрофилдер,эозинофилдер және базофилдер болып ажыратылады. Гранулоцитопоэздің осы алдыңғы үш жасушалар генерациялары (көпмүмкіндікті діңгекті жасушалар, көпмүмкіндікті жартылай діңгекті жасушалар, бірмүмкіндікті бастама жасушалар) құрылысы жағынан бір-біріне ұқсас, олардың бәрі кіші лимфоциттерге ұқсас болып келеді. Бірмүмкіндікті бастама жасушалардан мөлшері ірі келген миелобласттар дамиды. Миелобласттардың ірі ядролары жасушалардың ортасында орналасады. Олардың солғын базофилді цитоплазмасында аздаған азурсүйгіш немесе біріншілік дәншелердің пайда бола бастағаны байқалады. Миелобласттар митоз арқылы бөлініп, ірі промиелоциттерге (20-25 мкм) айналады. Промиелоциттердің ірі ақшыл келген сопақ немесе дөңгелек ядроларында бірнеше ядрошық болады. Ядро маңындағы цитоплазмада жақсы жетілген Гольджи кешені мен лизосомалар және центросома орналасады. Промиелоциттер цитоплазмасында біріншілік (азурсүйгіш) дәншелер болады, ал екіншілік арнайы дәншелер болмайды. Промиелоциттер митоз арқылы бөлініп, боялу сипатына сәйкес үш түрлі миелоциттерге ажырайды: нейтрофильді (гетерофильді) миелоциттер, эозинофильді миелоциттер, базофильді миелоциттер. Бұлардан кезегімен: метамиелоциттер (балғын грану¬лоциттер), таяқша ядролы гранулоциттер, б9лардан сегментті ядролы гранулоциттер дамып жетіледі<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Гранулоцитопоэз|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}