Грант Гастин

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Кинематограф Томас Грант Гастин (Үлгі:Lang-en; 14 қаңтар 1990, Норфолк, Виргиния) — америкалық актёр мен әнші, «Флэш» телехикаясындағы Бари Аллен рөлімен және басқа Арроуверс жобаларында (2013–2023), сонымен қатар «Хор» сериалындағы (2011–2013) Себастьян Смит рөлімен танылған.

Өмірбаяны

Жасөспірім кезі

Гастин АҚШ-тың Вирджиния штатындағы Норфолк қаласында Тина Хени мен Том Гастиннің отбасында дүниеге келген. Оның Тайлер есімді ағасы және Грейси атты әпкесі бар. Ол Норфолктағы Гранби орта мектебін бітіріп, Губернаторлық өнер мектебінде және Элон университетінде оқыды. Ол үнемі жергілікті театр-студия қойылымдарына қатысып, 2010 жылы Бэйби Джон<ref>Үлгі:Cite web Үлгі:Wayback</ref><ref>Үлгі:Cite web Үлгі:Wayback</ref><ref>Үлгі:Cite web Үлгі:Wayback</ref> рөліндегі Вест сайд тарихы Бродвей мюзиклінің ұлттық гастрольіне қосылды.

Мансабы

Сурет:Grant Gustin SDCC 2017.jpg
2017 жылғы Сан Диего комиккондағы Гастин

Гастин телевизиядағы дебютін 2006 жылы «Обессия» мистикалық антологиясының эпизодтарының бірінде жасағанымен, атақ тек 5 жылдан кейін, Фокс арнасының «Хор» сериалында ашық гей, солист Себастьян Смайт рөлін сомдағаннан кейін ғана келді.<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref> 2012 жылы ол полицияның процедуралық драмасы «CSI: Қылмыс орны Майами» фильмінде бір-бірінен бала күнде ажырап кеткен егізді сомдады.<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref> Ал 2013 жылы ол «90210: Жаңа буын» жасөспірімдер драмасының соңғы маусымында қайталанатын рөлді сомдады.<ref>Үлгі:Cite web</ref> Гастиннің алғашқы толық метражды фильмі «Ана қорқынышы»<ref>Үлгі:Cite web</ref> болды, ал оның үлкен экранға арналған алғашқы жұмысы «Бірігу» драмасы болды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

Жеке өмірі

2016 жылғы қаңтарда Гастин физиотерапевт Андреа «ЛА» Томамен (1988 жылы туған) көрісе бастады. Олар 2017 жылғы сәуірде үйленетінін жариялады<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref> және 2018 жылғы 15 желтоқсанда үйленді.<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref> 2021 жылғы ақпанда ерлі-зайыптылар бала күтіп жүргендерін жариялады.<ref>Үлгі:Cite web</ref> 2021 жылғы тамызда ерлі-зайыптылар Джунипер Грейс Луиза Гастин атты қызды дүниеге әкелді. 2024 жылғы 4 наурызда олар екінші баласын күтіп жатқанын хабарлады.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

Фильмографиясы

Гастиннің толық емес фильмографиясы:

Кино және теледидар

Телесериалдары

Жыл Атауы Рөлі Ескертпе
2006 Ov Томас (Стесидің сүйіктісі) Бір эпизод
2011-13 Хор Себастьян Смайт қонақ рөл, 7 бөлім
2012 CSI: Майами Скотт Феррис/Трент Бартон Бір эпизод
2012 Ана қорқынышы Крис Стюарт Телевизия фильмі
2013 90210 Камбелл Прайс 8 эпизод
2013- Флэш Бэрри Эллен/Флэш 8 эпизод
2014- Флэш Барри Аллен/Флэш Baсты рөл
2016 Супергёрл Барри Аллен/Флэш 2 эпизод

Театр

Жыл Қазақша аты түпнұсқа аты Рөл Ескерту
2010-2011 Вест сайд тарихы West Side history Бала Джон Бродвейдің жаңғыруы

Марапаттары мен номинациялары

Жыл Премия Номинация Жұмыс Нәтиже
2014 IGN Award Үздік ТВ-қаһарман Флэш Үлгі:Won
2015 Kids' Choice Awards Үздік телеактёр Флэш Үлгі:Nom
2015 Сатурн Үздік телеактёр Флэш Үлгі:Nom
2015 Сатурн Жыл жаңалығы Флэш Үлгі:Won
2015 Тин чойс ауардс ТВ-дағы жыл жаңалығы Флэш Үлгі:Won
2015 Teen Choice Awards ТВ-дағы үздік сүйіс Флэш Үлгі:Nom
2015 Teen Choice Awards ТВ-дағы үздік жарасым Флэш Үлгі:Nom
2015 IGN Award Үздік ТВ-қаһарман Флэш Үлгі:Nom
2015 IGN Award Үздік ТВ-қаһарман. Халық таңдауы Флэш Үлгі:Won
2016 Kids' Choice Awards Үздік телеактёр: Отбасылық шоу Флэш Үлгі:Nom
2016 Сатурн Үздік телеактёр Флэш Үлгі:Nom
2016 Teen Choice Awards Үздік ТВ-актёр: Фантастика Флэш Үлгі:Won
2016 Teen Choice Awards ТВ-дағы үздік жарасым Флэш Үлгі:Nom
2016 Teen Choice Awards ТВ-дағы үздік сүйіс Флэш Үлгі:Nom
2017 Мтв Үздік қаһарман Флэш Үлгі:Nom
2017 Сатурн Үздік телеактёр Флэш Үлгі:Nom
2017 Teen Choice Awards Үздік ТВ-актёр: Экшен Флэш Үлгі:Won
2017 Teen Choice Awards Үздік ТВ-зұлым Флэш Үлгі:Nom
2018 Kids' Choice Awards Үздік телеактёр Флэш Үлгі:Nom
2018 Мтв Үздік герой Флэш Үлгі:Nom
2018 Teen Choice Awards Үздік ТВ-актёр: Экшен Флэш Үлгі:Won
2018 Teen Choice Awards ТВ-дағы үздік жұп Флэш Үлгі:Nom
2018 Teen Choice Awards Ең сымбатты жігіт Үлгі:Nom
2018 Best Shorts Competition Басты рөлдегі актер Том және Грант Үлгі:Won
2019 Kids' Choice Awards Үздік телеактёр Флэш Үлгі:Nom
2019 Teen Choice Awards Үздік ТВ-актёр: Экшен Флэш Үлгі:Nom
2019 Сатурн Үздік телеактёр Флэш Үлгі:Nom
2021 Critics' Choice Super Awards Суперқаһармандық сериалдағы үздік актер Флэш Үлгі:Nom
2021 Сатурн Үздік телеактёр Флэш Үлгі:Nom
2023 Critics' Choice Super Awards Суперқаһармандық сериалдағы үздік актёр Флэш Үлгі:Nom
2024 Broadway.com Audience Choice Awards Басты рөлдегі актер Піл Жеңіс

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер