Граммофон инесі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Граммофон инесіграммофон табағынан дыбысты қайта жаңғыртатын ине. Ұзақ ойнайтын кез келген табақтан (моно, стерео немесе квадро) дыбысты қайта жаңғырт атын иненің мөлшері бірдей: иненің дөңгелектенген конустық бөлігінің радиусы 18+5 мкм, диаметрі 0,35 мм болады. Инені иір сызықты ойықпен дұрыстан жүргізу және ине мен кескіш тербеліс жазу кезінде толығымен үйлесуі үшін эллипс қималы (эллипстің үлкен осі граммофон табағының ойығына көлденең бағытталған) инелер қолданылады. Ол мөлшері мен пішіні дыбыс жазғыштың конструкциясына орай белгіленетін ине ұстағыш құлаққа бекітіледі. Ине алмастан не саифирден жасалады, пайдаланыл}' мерзімі 500 сағатқа жетеді. Егер алмастың кристалдық торы ине осіне бойлай бағытталса (мыс., ГЗМ 008 дыбыс қабылдағышының дыбыс жазғышы секілді), онда пайдаланылу мерзімі 1000 сағатқа дейін ұзарады. Инені соққыдан қорғау қажет, сондай-ақ ескі табақтарды ойнатуға болмайды, ескірген табақ сайы инені майыстыруы не сындыруы ықтимал. Ескірген не бүлінген ине дыбысты қайта жаңғырту сапасын құрт төмендетіп, граммофон табарын істен шығарады. <ref>Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Граммофон инесі|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}

ru:Граммофонная игла