Гравитациялық қoзғалыстар (орын ауыстырулар)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Гравитациялық қoзғалыстар (орын ауыстырулар)<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2</ref> - борпылдақ тау жынысы шоғырларының өздерінің ауырлық күші әсерінен қoзғалу процесі. Гравитациялық қoзғалыстар планетамыздың барлық аймақтарында, кез келген өңірде (жер бетінде, су түбінде және тағы басқа) көрініс беруі ықтимал, сондықтан да олар экзогендік процестер ішіндегі ең маңызды мұжу агенттерінің бірінен саналады. Біршама құрғақ борпылдақ тау жынысытардың өз орнынан қoзғала бастауы үшін сол тау жынысытардың жылжу еңістігі 3-5°-тан кем болмауы керек, ал ылгал тау жынысытар шоғыры еңістіктің бұдан да аз мөлшерінде жылжып кетуі мүмкін.

  • Гравитациялық қoзғалыс түрлері:
  1. "опырылымдар" мен "сусымалар"(құрғақ тау жынысы түйірлері мен кесектерінің өз төсенішімен ілінісін кенет жоғалтуы немесе таянышынан айырылып қалуы нәтижесінде қопарыла құлауы);
  2. "қoзғалмалы тасшақпа жамылғылары мен ағымдары" (тасшақпалар шоғыры орналасқан баурай еңістігі табиғи еңістік бұрышынан көбірек болған жағдайда жаңағы шоғырлардың төмен қарай жылжи бастауы);
  3. "жылжымалар" (барынша ылғалданған немесе сумен қаныққан массалардың сырғанауы; жерүсті және суасты тауларына тән баурайлар өңірінен де көрініс беруі мүмкін);
  4. "сырғыма қoзғалыстар" (өсімдікті топырақ жамылғысы астындағы аз-кем ылғалданған грунттардың сығыла ағуы нәтижесінде пайда болатын азын-аулақ қoзғалыстар; Бұл қoзғалыстар көзге көрінбейді);
  5. "қорысты қoзғалыстар" (қатты ылғалдануы нәтижесінде аққыштық шегінен айырылған өсімдікті топырақ жамылғысы массаларының жаппай жылжи бастауы; Бұл массалардың ылғалдану дорежесі өте жоғары болса да, қорысты қoзғалыстар байырғы су ағысының қасиетгерін иелене қоймайды);
  6. "тасбалшық ағындары немесе сел тасқындары"(тау жынысы кесектерімен және түйірлеріменқаныққан лай ағындары).

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Geology-stub