Гравитациялық барлау

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Гравитациялық барлау (гравибарлау). Жер қыртысының жекелеген аудандарының геологиялық құрылыс ерекшеліктері мен ауырлық күшінің арасындағы байланыс сипаттарын саралауға негізделген геофизикалық барлау тәсілдерінің бір түрі. Гравитациялық барлау жұмыстары жер қыртысын және оның терең-терең қойнауларын құрайтын таужыныстардың немесе мантия заттарының тығыздық көрсеткіштерін салыстыра зерттеу нәтижесінде жүзеге асырыла отырып, талай-талай теориялық проблемалар мен іс-тәжрибенің мүдделі мәселелерін табысты түрде шешуге мүмкіндік береді. Бұл мәселелердің ішіндегі ең бастылары төмендегілер:

  1. ірі-ірі аумақтар мен су алаптарына тиесілі жер қыртысының қалыңдығын, изостатикалықтепе-теңдік жағдайын және оларға тән ірі-ірі терең жарылымдар табиғатын анықтау;
  2. мұнай немесе газ кіріктіруші және көмірлі аймақтар мен алқаптарды, кенді алаңдар мен тораптарды даралау, немесе нақтылы геологиялық формацыялардың жер қыртысындағы таралу ауқымын анықтау шараларын жүзеге асыра отырып, жекелеген геосинклиндік немесе платформалық алқаптарды тектоникалық аудандастыру;
  3. мұнай және газ кіріктіруші, көмірлі, тұзды және артезианды алаптарға тән бірегей құрылымдарды

іздеу және зерттеу;

  1. пайдалы қазба кенорындарын іздеу және барлау, т.с.с.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}