Готфрид Келлер

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Готфрид Келлер (1819 жыл 19 шілде, Цюрих - 1890 жыл 15 шілде, Цюрих) - швейцар жазушысы. Неміс тілінде жазған.

Шығармашылығы

Келлердің әдеби қызметі 1846 жылдан басталып, ол иезуиттерге қарсы саяси өлеңдерімен көзге түсті. 1848-1855 жылдары Германияда болып, Л.Фейербахтың материалистік философиясымен танысты. Келлердің «Зельдвиладан келген адамдар» (1856, 1874), «Жеті аңыз» (1872), «Цюрих новеллалары» (1878) мен «Мартин Зеландер» романында (1886) өзі өмір сүрген кездегі Швейцария халқының өмірін жан-жақты бейнеледі. Ол XIX ғасырдағы неміс прозасы шеберлерінің бірі болды.<ref> Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1974ж., 5 том </ref>

Дереккөздер

<references/>