Горизонтальды нейроцит

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Горизонтальды нейроцит (горизонтальный нейроцит); (neurocytus horizontalis; грек, neuronum - жүйке, нерв; kytos — жасуша; horizon — шектеуші) — көздің торлы қабығын құрайтын жарық сезгіш (фоторецепторлы: таяқша және сауытша нейроциттер) және биполярлы нейроциттер (жүйке жасушалары) жанасымдық (синапстық) байланыстары аралықтарында орналасқан аксонсыз (нейритсіз) жүйке клеткасы. Горизонтальды нейроциттің тармақталған көптеген дендриттері — көздің торлы қабығының фоторецепторлы нейроциттерінің аксондарымен және ортаңғы қабаты — биполярлы нейроциттер дендриттерімен синапс арқылы байланысып, фоторецепторлы нейроциттер аксондары арқылы келген жүйкелік қозудың биполярлы нейроциттер дендриттеріне берілуін тежеп (латеральды тежелу әсері немесе пресинаптикалық тежеу), көрінетін нысанның анықтылығын (контрасттьшығын) күшейтуге ықпалын тигізеді.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Горизонтальды нейроцит|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}