Горбачев қоры

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:The Gorbachev Foundation Building.jpg
Ленинград даңғылындағы Қордың ғимараты

Горбачов қоры (Әлеуметтік, экономикалық, және саяси зерттеулердің Халықаралық қоғамдық қоры) - халықаралық, үкіметтік емес, коммерциялық емес үйым. Горбачев қоры (ГҚ) 1991 жылы желтоқсан айында КСРО экс-президенті, Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты, Халықаралық жасыл крест президенті М.С.Горбачев қүрды. М.С.Горбачев қордың президенті болып табылады. Горбачов қорының негізгі міндеттерінің ішінде: әлеуметтік, экономикалық, саяси салалардағы ғылыми зерттеулерге қатысу; халықаралық әріптестікті бекіту және әлеуметтік, экономикалық, саяси салаларда тәжірибе алмасуды дамытуға септігін тигізу; әлеуметтік, экономикалық, саяси салаларда тәжірибеде және ғылыми зерттеулерде басым бағыттарды анықтап, дамуына жәрдем беру. Жаһандану жағдайында Горбачов қоры қызметінің барысында жаңа, әділетті және мінсіз әлемдік тәртіп орнату өзекті болып табылады. Қордың жүмысының жалпы үраны - "Жаңа өркениетке". Қордың зерттеу жүмысындағы негізгі бағыттары: жаһандық мәселелер, экономикалық даму және әлемдегі әлеу¬меттік мәселелер; мәдени және рухани өмір мәселелері; еуропалық ықпалдасу процесі; халықаралық қауіпсіздік және қарусыздану; КСРО-дағы қайта құру тарихы. Горбачов қоры қайырымдылық шараларына ерекше көңіл бөледі.<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

ISBN 9965-32-491-3</ref>

Тағы қараныз

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Горбачев қоры|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}