Гомфрена

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Өсімдік туралы

Гомфрена – амаранттар тұқымдасына жатады. 90-ға жуық біржылдық және көпжылдық түрі Америка, Австралия және Африка аймақтарында таралған. Қазақстанда біржылдық түрлері өсіріледі. Биіктігі түріне қарай 15-45 см аралығында болады. Гүлі жоңышқаға ұқсас келеді. Пішіні шар тәрізді, домалақ, диаметрі 3-4 см. Түріне қарай түсі ақ, сары, күлгін, қызғылт, қызылкүрең болып келеді. Ою-өрнек, кескіндер, гүлмен көмкерілген сөздер жазуға, гүлзардың жиектеріне, гүлді кілем жасауға көп қолданылады. Көшеттерді еккенде арақашықтығы 20-25 см болуы керек. Маусым айынан бірінші суыққа дейін гүлдеп тұрады, бірақ біздің климаттық жағдайымызға байланысты тұқым бермейді.

Қолданылуы

Гомфрена біржылдық жаздық гүл болғанымен, көбінесе оны кептіріп, қыс айларында құрғақ гүл ретінде гүлден жасалатын композицияларға, гүлшоқтарға көп қолданады. Кептірілген гомфрена түсі мен пішінін жақсы сақтайды.

Күтімі

Жылы, ашық жерлерде және жеңіл топырақта жақсы өседі. Өсімдікке көңді гүл түйін салғанға дейін қосу керек, ал әрі қарай өте көп қолдануға болмайды, себебі көңде азот көп болғандықтан, жапырақтары мол болып өсуіне пайдалы, ал біз жапырағы емес, гүлі үшін өсіретіндіктен, гүлдейтін гүлдерге арналған немесе толық минералды тыңайтқыштармен қоректендіріп тұрған абзал. Құрғақшылыққа шыдамды, бірақ мол гүлдесін десеңіз, құрғатып жібермей, біркелкі суғару қажет. Топырағы қатып қалса, гүлдеуі нашарлайды. Жаз айында түбін бірнеше дүркін қопсытып тұрған дұрыс.

Көбейтілуі

Біржылдық гүлдерді жыл сайын тұқымнан көбейтіп өсіріп отырады. Мамыр айында гүлдету үшін наурыз айының басында жылыжайда немесе үйде 20-22ºС жылылықта тұқым арқылы көбейтеді. Тұқым 14 күнде өніп, өскін шығарады. Өскінге бір-екі жапырақ шыққанда көшеттеп, әрқайсысын жеке отырғызады. Мамыр айының басында, көктемнің ызғарлы суығы өткеннен кейін, көшеттерді далаға егеді. Өскін өніп шыққан уақытынан бастап, 60 күннен кейін гүлдей бастайды. Бақшаға мамырдың ортасында тұқымынан егетін болсаңыз, жаздың ортасында гүлдейді.

Гомфрена туралы тақпақ

Қызғылт гүлі шырайлы,

Әркімге де ұнайды.

Кептіріп ап, қыста да

Гүлшоқтарын құрайды.

Сілтемелер

Дереккөздер

Қ 74 Құлжабаева Г.Ә.;«Өсімдіктер әлемі» оқу-әдістемелік кешені, Біржылдық гүлдер: Дидактикалық материал. - Алматы, 2011. - 16 б; ISBN 978-601-7237-49-3 <references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Гомфрена|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}