Глухая щель
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Глухая щель, Тереңсай – Алматы облысы Алакөл ауданындағы өзен. Тарлаулы асуының солтүстік-батысында, Екінші Тентек өзенінің сол саласы. Сасықкөл көлінің алабында. Ұзындығы шамамен 40 км. Г. щ. өз. төм. ағысында Тентек өз-не құяды. Таулық бөлігінде аңғары тар, терең шатқалмен ағады. Өзен суы Жетісу (Жоңғар) Алатауының солтүстік беткейіндегі мұздықтар мен жауын-шашын есебінен толығады. Бойында кішігірім өзен салалары мен көлшіктер бар. Су қорын Екінші Тентек өзен суымен бірге егістіктерді мал суару үшін пайдаланылады.
Дереккөздер
<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref> <references/>