Гиракодонттар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Гиракодонттар (Hyracodontіdae) – олигоцен – эоцен дәуірінде (шамамен 25 – 40 млн. жыл бұрын) тіршілік еткен мүйізтұмсықтәрізділердің бір тобы. Бұлардың кейбірінің тұрқы қазіргі қой, ешкілерге ұқсас кішілеу болса, алып мүйізтұмсықтылар піл сияқты ірі болған. Гиракодонттар үш тұяқты, күрек, жақ немесе ұрт тістері алтыдан, азу тісі біреу болған. Бұлардың сүйектері Қытай, Моңғолия, Еуропаның кейбір аймақтарынан және Солтүстік Америкадан, ал Қазақстанда ардыния (протогиракодонт), тенизегиссодонт (аллацеропс, т.б. түрлерінің қалдықтары Шалқартеңіз ойпатының (Орталық Қазақстан, Ұлытау өңірі) олигоцен дәуірінің шөгінді қабаттарынан табылған.

Дереккөздер

<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref> <references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Гиракодонттар|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}